Мұнан бөлек, Ислам Каримов кезінде ел ішінде саяси оппозиция қудаланып, сөз бостандығы шектелді, сыншыл тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жабылды. Мұндай қатаң шараларға ол елде тәртіп орнату үшін барғаны белгілі. Десе де, шектен тыс басып-жаншу мен өмір сүру жағдайының төмендігі жұртты, әсіресе, ер азаматтарды өзге елдерге сабылып жұмыс іздеп кетуге мәжбүр етті. Сыртқы ел оларды арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Дегенмен, Каримовтың әсіредіншіл радикалдарға қарсы аяусыз күрескенін, соның нәтижесінде елдің ішіне сырттан түрлі діни ағымдардың бірде-біреуін кіргізбегенін былайғы жұрт жақсы біледі.
Бірақ, ол президенттікке сайланған соң мүлдем өзгеріп, керісінше Ислам Каримовтің кезіндегі қатқан сеңнің көбесін бұзды. Сөйтіп басқарудың өзіндік жолын тапты деседі. Содан да халық жаңа басшыға күдікпен емес, үлкен үмітпен қарай бастаған. Ал, бұл бұқараның билікке деген сенімінің арта түскендігін көрсетеді. Мирзиёев Каримовтің кезінде биліктен аластатылған шенеуніктерді қызметке қайта әкелді. Сондай-ақ, ол өзінің қызметін талқаны шыққан, жағдайы мүшкіл ауылды бастан-аяқ жаңғыртып, түлетуден бастады.
Қазақстан өмір сүру құны ең арзан елдер рейтингінде 19 орындаPhoto: Centre1. com 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өмір сүру құны ең арзан елдер рейтингінде 19 орында тұр. Numbeo деп аталатын портал өзінің жыл сайын жасайтын халықаралық рейтингінде өмір сүру құнын Нью-Йорктегі өмір сүру индексі және азық түлік бағасының көрсетікішімен салыстырған. Осылайша, Қазақстандағы өмір сүру құны америкалық мегаполиспен салыстырғанда 65, 75%-ға, ал жалдау бағасы 88, 77%-ға төмен болған. Азық-түлік бағасы Нью-Йорктегі көрсеткіштен 28, 06%-ға төмен, тұтынушы қабілетінің индексі 40, 75%-ға жетеді. Көрші Ресей болса аталған рейтингте 39 орынға жайғасқан. Бұл елде тұтынушы қабілеті 51, 11%-ға жетеді.
Тарих беттеріАбай Құнанбаев «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде моңғол билеушілері мен Шайбани хан арасындағы өзара қарым - қатынас әрекеттерін келтіреді, онда қазақтардың өз іс-әрекетін өзбектермен туыстық байланыстарымен негіздеп және өз ұстанымын «Сарт - садағам, Өзбек - өз ағам» деген сөздермен білдіре отырып, оны қалай қолдағанын және оның жағына ауысқанын айтады. Ұлы Абай өз еңбегінде бұл сөздің қазақтар арасында нақыл сөз ретінде қалыптасып кеткендігіне назар аудартады.
Деректерге сүйенсек, 1999 және 2004 жылдары мемлекетте терактілер орын алды және елде тыйым салынған Өзбекстанның ислам қозғалысы (ӨИҚ) тобы 1999 және 2000 жылдары екі рет басып кірді. Қаруланған экстремистердің толқынын басу үшін Каримов әскерді пайдаланды. Жергілікті тәртіпті қатаңдату арқылы Каримов жағдайды уысында ұстап тұра алды. Елді өңірлік қақтығыстарға араластырмай алып шыға алды және саяси тұрақтылықты сақтай білді. «Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов – ұлы тарихи тұлға, сол кісінің арқасында біздің республикамыз тәуелсіздігін алып, дербес даму жолында зор жетістіктерге жете білді, жас мемлекетіміздің қиын-қыстау күндерінде соғыс қаупінен аман қалып, жағдай тұрақты қалыпта сақталды» деп еске алады ел үкіметі мен парламент өкілдері.
Сондай-ақ, ол елінің тілін, дінін, дәстүрін жақсы сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін қыруар жұмыстар атқарды. Орыс тілінің мәртебесін жойса да, Ресеймен қарым-қатынасын сақтауға тырысты. 1991 жылы халқы 19 миллион болса, Каримов қайтыс болған жылы өзбекстандықтардың саны 31 миллионға жетті. Ислам Каримовтың ел билеген уақытында мемлекет көптеген халықаралық ұйымдардың мүшелігіне өтті: ТМД (1991), БҰҰ (1992), ЕҚЫҰ (1992), ХВҚ (1992), ШЫҰ (2001). Осыған қарамастан мемлекет негізінен өзінің сыртқы саясатында тым ашық болуға басымдық беруден бойын аулақ ұстай отырып, екіжақты қарым-қатынастың дамуына кең өріс ашты. Өзбекстанды сынаушылар Каримовтың кезінде елде экономикалық реформалардың болмағанын, сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстықтың белең алғанын, мақта өнеркәсібі үшін халықты мәжбүрлеп жұмысқа салғанын айтқанымен, тәуелсіздік жылдарында Өзбекстан экономикасы 6 есе өсті.
Өзбекстанда отбасылық бақыт индикаторы жасалуда
Ең ерте тізімнің мерзімі XVI ғасырдан, ал ең кеші ХХ ғасырдың басынан басталады. Тізімдердің бірі 1841 жылы Бұхарада болған Н. В. Ханыков тарапынан жазылған. Ерекше атап өтетін жәйт, тайпа атауларының басым бөлігі қазақ, өзбек және де басқа түркі халықтарында қайталанады. Мысалы, коңырат, қыпшақ, найман, қаңлы, қожа (ходжа) және басқалар, - деді ол. Зерттеушілердің пікірінше, қазақтар мен өзбектердің негізгі айырмашылығы әртүрлі шаруашылық жүргізу тәсілдеріне қарай ерекшеленеді: өзбек халқы отырықшы-егіншілікпен, ал қазақ халқы көбінесе көшпелі - мал шаруашылығымен айналысатын халық ретінде қалыптасты.
Демографиялық тоқырау келе жатыр... - Abai.kz
Қазақтар мен өзбектердің бір ата-бабалардың ұрпақтары екендігі туралы ежелден айтылып келеді. Бұл фактіні қазіргі заманғы ғалымдар мен тарихшылар да растап отыр. Мысалы, қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Шайбани хан және Мехман нама-и Бұхара» атты мақаласында қазақтар мен өзбектер арасындағы туыстық байланыстарды сипаттайды, - деді Шерзод Пулатов. Пулатовтың дерегінше, тарихи тұрғыдан өзбектердің 92 руы мен тайпасы аталады, қазіргі таңда бұл 92 тайпаға бір кездері Орталық Азияның қазіргі аймағын мекендеген түркі және кейбір түрік емес этностардың көпшілігі кіреді деген пікір кең таралған. Бүгінгі күнде 92 өзбек тайпасының 18-ден астам нұсқасы белгілі, олардың барлығы Мауеренахр аумағында, дәлірек айтқанда, Орта Азия оазисінің өзен аңғарларында айқындалған.
Тәуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23- қарашада орнатылды. Екі мемлекет арасындағы тату көршілік қатынастарды растайтын басты құжаттардың бірі 1998 жылғы 31 қазанда Ташкентте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісім-шарт. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы Түркістанға Өзбекстан президенті Ислам Каримов сапармен келгенде айтқан мына сөзін бағдар етуге әбден болады: Сонау алыс замандардың өзінде де біздің бабаларымыз тарихтың шешуші кезеңдері мен сын сағаттарында осы арада бас қосып, болашақ жөнінде осы арада пәтуаласқан.
Қазақстан және Өзбекстан: экономиканы мемлекеттің
"Өзбек - өз ағам". Қазақ пен өзбектің бауырластығы«Өзбек – өз ағам, сарт - садағам» - деп атам қазақтар өзбек ағайындарға ізеттілікпен сыйластықпен қараған. Бүгінгі таңда ағайынды екі елдің тарихының ортақ екенін бүкіл тарихшылар мойындап отыр, - деп хабарлайды BAQ. KZ тілшісі. Нарықтық бәскеге толы заманда туыстық қатынас қажеттіліктен туындайды. Президентіміз қазіргі таңда айналамызда соғыс болып жатқанын, мұндай кезеңде бірлік пен берекенің маңызды екенін атап өткен болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанмен Өзбекстан халқының жақындығы қандай? Және бүгінгі экономикалық, рухани қарым-қатынасы қалай өрбіп жатыр? Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов айтып берді.
Өзбекстан Президенті Шавкат МИРЗИЁЕВ: Жарқын
Бұл әсіресе Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тән. Тәуелсіздік жылдары мен бүгінгі таң немесе Орта Азияның тұрақтылығыБүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар тату көршілік және сенімділік сипатта жүзеге асырылады. Екі ел де өз алдына жоғары мақсаттар қойып отыр, олар бір-бірін жақсы бастамаларда қолдап, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа қалыптасқан достық пен бейбіт өмір сүру дәстүрлерін көрсете отырып, оларды жүйелі түрде ұстанады. КСРО күйреуінен кейінгі тоқырау жағдайында екі ел де экономикалық ынтымақтастыққа аса мән берген болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Ташкентке сапары барысында қол қойылған Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланысты жан-жақты, әсіресе, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге септігін тигізді.
Өзбекстан: кеше және бүгінӨзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Каримов елді 27 жыл басқарып, 78 жасында дүниеден өтті. Өткен шақпен айтар болсақ, оның кезінде Өзбекстан жабық мемлекет саналды. Мемлекетте мұнай мен газдың қомақты қоры болуына орай Каримов көрші елдердің басшыларымен лидерлік мәртебе үшін үнемі бәсекелесіп келгені, сондай-ақ кейбір көрші мемлекеттермен шекара мәселесінде проблемалар туындағаны, көбіне су ресурсына байланысты келіспеушіліктер орын алғаны жасырын емес. Өзбекстан көршілес жатқан Қырғызстан мен Тәжікстанға газды экспортқа шығару арқылы ықпал еткісі келді.
Беларусь көрсеткіші Қазақстандікінен аздап төмен болғандықтан 18 орында тұр. Өмір сүру құны ең арзан елдер Ауғанстан, Мысыр және Украина. Украинада тұтынушы қабілеті 30, 24%-ға дейін жетеді. Ал өмір сүру құны ең қымбат елдер: Бермуд аралдары, Швейцария, Исландия. Рейтингте жалпы 115 елдің аты аталады.
ҚАРАҚАЛПАҚСТАН НЕГЕ БІЗГЕ ҚӘЖЕТ ЕМЕС! Енді себебі
1997 жылы наурызда жасалған Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларының арасындағы Мәңгілік достастық туралы үшжақты шарт - қарым-қатынасты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Бұл құжат екі ел арасындағы экономикалық кеңістік аясында әріптестіктің тиімді жақтарын тереңдету амалдарын табуға, шаруашылық субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға өте зор ықпал етті. Тату көршілік пен өзара құрмет қағидаттары әрқашан шығыс халықтарының айрықша белгісі болып келген. Әуел бастан қалыптасқан Қазақстан мен Өзбекстанның достық қарым-қатынастары Орталық Азия елдері үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де үлгі болып келеді.
Өзбекстандағы қазақтар - Поздравления на казахском языке.